RU

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан неше адам көз жұмды

Коронавирус
Фото: pixabay.com

Соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандарға қатысты мәліметті coronavirus2020.kz сайты назарға ұсынды.

Коронавирус пен пневмониядан соңғы екі тәулік ішінде барлығы 21 адам қайтыс болған. Нақтырақ айтсақ, 18 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 78 адам емделіп шыққан.

Ал 19 мамыр күні, Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, коронавирус 2433 адамда анықталды, 17 науқас көз жұмды.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54382, қайтыс болғаны – 869, жазылып шықаны - 52981 адам.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа қайтып оралғанын жазған едік. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары 20 мамырдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақтан табылып отыр.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913464-qazaqstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-nese-adam-koz-zumdy/