Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 маусымға дейін QR-кодты кімдер алуы керек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мамыр айының соңына дейін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алып үлгеруге тиіс деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жабық базарларда, сауда үйлері мен павильондарда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алуы керек.

Бұл шара сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Қаржы министрлігі QR-код дүкендерді сәйкестендіру үшін керек екенін мәлімдеді.

"Мысалы, егер сатушы фискальды чек бермесе, банк картасын қабылдаудан бас тартса, тауар сертификатын немесе лицензиясын көрсетпесе, сатып алушы QR-кодты сканерлеп, қағаз күйінде немесе мобильді қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тікелей шағымдануға құқылы", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, ЦДИАӨМ басшысы тұрғындарға есеп беру кездесуінде Ashyq қосымшасына енгізілетін қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің қорғалғанын айтты. Осыған байланысты ол деректердің жарияланып кету мүмкіндігін жоққа шығарған еді.

Оған қоса, Бағдат Мусин Ashyq жобасының мән-жайын түсіндірді. Оның сөзінше, бұл жоба бизнестің жұмыс істеуіне, тұрғындардың дүкендерге, сұлулық салондары мен басқа да шағын және орта бизнес нысандарына баруына мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай қызметкерлері "сары" және "қызыл" мәртебесі бар жолаушыларды анықтаған болатын.

Сонымен қатар, Ashyq қосымшасында жасыл түсті мәртебесі бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болатыны туралы хабарлаған едік.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913541-qazaqstanda-1-mausymga-deiin-qr-kodty-kimder-aluy-kerek/