Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәйдібэкспо, Саммидастана: Ел арасындағы ерекше есімдерді білесіз бе (видео)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Теңгебай Ақшабек Миллионерұлы. Мұндай есімнің естір құлаққа жат екені анық. Десе де осы іспеттес таңғаларлық есімдер елімізде аз емес. Ел арасындағы ерекше есімдерді "Еуразия" бірінші арнасы назарға ұсынды.

Нәресте дүние есігін ашса, дүйім жұрт болып есім іздейтін халықпыз. Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келген уақытына қарай Наурызбай, Боранбай, Жолдыбай деген есімдер беретін. Ал бүгін заман өзгерген, қоғам бөлек.

Қазақстанда тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туған 40 нәресте Азияда есімін иеленген болатын. Жеңісті күндердің лебі жанкүйер ата-анаға осыншалықты әсер сыйлаған.

Сондай-ақ, елімізде Саммит есімді 22 ер бала, Саммита атты үш қыз, 15 Саммитхан бар екен. Мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін әулеттерде Астана, Нұрлыжол деген есімдер де кездеседі.

Ал тағы бір бүлдіршіннің есімі – Бәйдібэкспо. Ырсымовтар әулетінде 2017 жылы дүниеге келген баланың есімі - "ЭКСПО-2017 " Халықаралық көрмесінің құрметіне қойылған. Ал экспоның алдындағы түбірін – бабамыз Бәйдібектей тұлға болсын деп қойдық дейді бүлдіршіннің әкесі.

Статистикалық агенттіктің ақпаратына сүйенсек соңғы уақыттардағы ерекше есімдердің тізбегі келесідегідей:

Ромео, Теңіз, Эдельвейс, Ақсақал Арыстанбек, Саммидастана, Эверест.

Сонымен қатар 27 Мәслихат, 21 Мәжіліс, 13 Нұрлыжол, 9 Нұротан, 7 Сенат, 7 Партия атты отандасымыз бар!

Еліміздегі ерекше есімдердің еншісі осындай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913692-baidibekspo-sammidastana-el-arasyndagy-erekse-esimderdi-bilesiz-be/

pixel