Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда соңғы тәулікте неше адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 23 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми деректерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария етті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 179,

Алматы қаласында - 398,

Шымкент қаласында – 77,

Ақмола облысында – 140

Ақтөбе облысында - 34,

Алматы облысында - 104,

Атырау облысында - 84,

Шығыс Қазақстан облысында - 80,

Жамбыл облысында - 24,

Батыс Қазақстан облысында – 85,

Қарағанды облысында - 355,

Қостанай облысында - 41,

Қызылорда облысында - 43,

Маңғыстау облысында - 35,

Павлодар облысында - 73,

Солтүстік Қазақстан облысында - 42,

Түркістан облысында - 38.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

Одан бөлек, 23 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұрғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, "сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілгенін жазғанбыз. 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913974-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-azaidy/

pixel