Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте екі облыс "сары" аймаққа, тағы екеуі "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялады. Бір күнде КВИ бойынша 2 өңір "сары" аймаққа, тағы 2 облыс "жасыл" аймаққа өтті деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың ресми Telegram арнасы.

2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы мен Маңғыстау облыстары "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысса, Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа көшті.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

Сонымен қатар, "сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілгенін жазғанбыз. 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914005-bir-taulikte-eki-oblys-sary-aimaqqa-tagy-ekeui-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel