RU

Оралда Пушкиннің әлемдегі жалғыз "сыңары" қайтыс болды

Двойник Пушкина
Владислав Букреев. Фото: Оксана Каткова

Оралда ұлы орыс ақыны Александр Пушкиннің әлемде ресми түрде мойындалған жалғыз "сыңары" Владислав Букреев 74 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Владислав Васильевич 1948 жылы ақпанда Батыс Қазақстан облысының Щапаев ауылында дүниеге келген.

Бұл мәртебені 1990 жылы Ленинградта өткен "Пушкиннің сыңарлары" атты халықаралық фестивалінде алған.

Үш мың үміткердің ішінен 40-ы таңдалып, бірінші орынды Букреев иеленді.

"Жай сыртқы ұқсастықтан бөлек, оралдық Пушкин өлең шығарған, керемет сурет салған және музыка жазған. Ол ерекше дарынды адам еді", - деп ағынан жарылды журналист Оксана Каткова.

Оның сөзінше, Владислав Букреев өте көпшіл адам болыпты. Ол Пушкинге байланысты әр түрлі іс-шараларға үнемі шақырылып тұрған.

Сонымен қатар, Орал - Қазақстан аумағындағы орыстың атақты ақыны жолы түскен жалғыз қала.

Владислав Букреевті жерлеу рәсімі 25 мамырда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914092-oralda-puskinnin-alemdegi-zalgyz-synary-qaitys-boldy/