RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1558-ге дейін азайды

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1558 адам тіркелді. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 376 572-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174
  • Алматы қаласы - 348
  • Шымкент қаласы - 27
  • Ақмола облысы - 133
  • Ақтөбе облысы - 20
  • Алматы облысы - 106
  • Атырау облысы - 36
  • Шығыс Қазақстан облысы - 73
  • Жамбыл облысы - 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 68
  • Қарағанды облысы - 348
  • Қостанай облысы - 40
  • Қызылорда облысы - 13
  • Маңғыстау облысы - 16
  • Павлодар облысы - 75
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45
  • Түркістан облысы - 18.

Еске сала кетсек, кеше денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялады.

24 мамырдағы жағдай бойынша, Алматы мен Маңғыстау облыстары "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысса, Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

Қазір "қызыл" аймақта-Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, "сары" аймақта-Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлері, "жасыл" аймақта- Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Сонымен қатар, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914193-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-1558-ge-deiin-azaidy/