Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобус қызды басып кеткен: Атырауда жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде 26 жастағы қызды автобустың қағып кеткен кезі түсірілген видео жарияланды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Естеріңізге салсақ, 23 мамырда сағат 20:20 шамасында Атырауда Привокзальный ықшамауданында №57 автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қала тұрғынын қағып, ол сол жерде қаза болды.

"Тергеу барысында полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің біріндегі видеотіркегіштің жазбасын алды. Онда қыздың бағдаршамның рұқсат етілген сигналы жанған кезде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқаны анық көрінеді", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Автобус жүргізушісіне қатысты 345-баптың 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914339-avtobus-qyzdy-basyp-ketken-atyrauda-zantursigerlik-oqiga-videoga-tusip-qaldy/

pixel