jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында зираттағы белгітастарды шимайлап кеткендер көптің ашуына тиді

Зират
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысынының аумағында орналасқан ауылда христиандар бейітіндегі белгітастарды шимайлап кеткендер іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер христиандар зиратындағы 19 белгітасты аэрозоль бояумен шимайлап кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабы яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр.

Күдіктілер қолға түсіп, кінәсі дәлелденсе 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі.

Сонымен қатар 40 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті факті әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталғанын жасырған жоқ.

"Тәртіп сақшылары тез арада тексеруге кірісті. Анықталғандай вандализм оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде", - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Айта кетейік, бақилық болған туған-туысына жақындарымен құран бағыштауға зират басына келген Шымкент қаласының тұрғыны олардың мазарын көріп, есінен тана жаздағанын айтқан еді. Осыдан кейін олар полицияға арыз берген.

Алматы облысында зираттағы белгітастарды шимайлап кеткендер көптің ашуына тиді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.