Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сөйлемді ежіктеп оқитын түркістандық мұғалімге қатысты ақпарат жария болды (видео)

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Отырар телеарнасы

Түркістан облысында сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім көпшіліктің назарына іліккен болатын. Бұл жайтқа қатысты тың ақпарат жария болды деп жазады Otyrar.kz.

Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылы, Садриддин Айни атындағы No8 орта мектептің директоры Гүлсара Хасанова мұғалімді жұмысқа қабылдауға аудандық білім бөлімінің жолдамасы негіз болғанын алға тартып отыр.

"Ол тестілеуден өтті, содан кейін екінші тур - сұхбаттасудан өтті, ол да біздің мектепте өткізілмеген. Ол маған ауданнан жолдамамен келді. Мен оны, әрине, қабылдадым", - дейді басшы.

Алайда аудандық білім бөліміндегілер барлық жауапкершілік мектеп директорында екендігін айтуда. Белгілі болғандай, болашақ мұғалім университетте орыс тілі мен әдебиеті бойынша мемлекеттік емтихандарды да өте жақсы бағамен тапсырған екен.

Оның мектепте 2021 жылдың наурызына дейін жұмыс істегені, кейін декреттік демалысқа шыққаны атап өтілді. Мұғалім жақында сәбиін босанған.

Мекеме басшысының сөзіне қарағанда, ұстаздың сөйлемдерді ежіктеп оқу жағдайы шынымен де болған, бірақ тек мектепке алғаш келген уақытында, 2019 жылы болыпты. Алайда ата-аналардың бірі бұл сөздермен мүлде келіспейді.

"Балалар қашықтан оқығанда ол сабақты осылай түсіндірді. Өткен жылы барлық мектептер жабылған кезде", - дейді ата-аналардың бірі.

Директор мектепте кадр тапшылығы жоқтығын да атап өтті.

"Жоқ, бізде тапшылық жоқ", - деп түсіндірді Гүлсара Хасанова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежіктеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келгені көпшіліктің ашуын келтіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914441-soilemdi-eziktep-oqityn-turkistandyq-mugalimge-qatysty-tyn-aqparat-zariya-boldy-video/

pixel