jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Аймағамбетов: Магистратура оқимын деп ыңғайсыз жағдайға қалып жүрмеңіздер

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге магистратураны тек күндізгі бөлімде оқуға кеңес берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық педагогикалық кеңес барысында министр магистратура бітірген мұғалімдерге ай сайын 29 мың теңге қосылатындықтан білімін жетілдіруге ниет танытушылардың саны артқанын баса айтты.

Бұл ретте ол көрші елдердің жоғары оқу орындарында онлайн немесе сырттай оқып алған диплом Қазақстанда жарамай қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

«Магистратураға түссеңіздер, онда кәдімгідей күндізгі бөліміне барып оқу керек. Егер басқа мемлекеттерде күндізгі бөлімге барып оқымаса, онда сұрақ туындайды. Ал Қазақстанның университеттерінде грантқа оқығандар бір бөлек, өздері төлеп немесе оқымай жүргендер бір бөлек. Сондықтан бұл мәселеде абай болыңыздар.
Ертең алданып қалмаңыздар. Магистратура дегеннен кейін бәрі магистратураға құжат дайындап жатыр деген хабарды естіп отырмыз. Бұл мәселені байқау керек. Ертең магистратура дипломы жарамай қалса, онда өздеріңіз өте ыңғайсыз жағдайға ұрынып қаласыздар», - деп ескертті Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов: Магистратура оқимын деп ыңғайсыз жағдайға қалып жүрмеңіздер

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.