jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Ресей Беларусь әуе кеңстігінен ұшудан бас тартқан екі компанияның рейстерін тоқтатты

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресей Беларусь көгінен ұшатын рейстерін тоқтатқан екі еуропалық әуе компаниясына кіруге тыйым салды деп хабарлайды Би-би-си.

Air France және Austrian Airlines ұшу жоспарын Ресей тоқтатқаннан кейін әуе компаниялары рейстерін орындаудан бас тартуға мәжбүр болды.

Бұл Кремльдің Беларусь пен Батыс елдері арасындағы дипломатиялық қақтығыс бойынша жасалған алғашқы қадамы. Ресей Беларусь көгінен ұшып өтпейтін барлық рейстерден бас тартылатыны туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания Беларусьтің әуе компанияларына өз территориялары бойынша ұшуға тыйым салып, жаңа санкциялар енгізілетінін мәлімдеді.

Еуропалық әуе кеңістігіне тыйым салу Беларусь әуе компаниясын 30 қазанға дейін Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Франкфурт, Ганновер, Калининград, Милан, Мюнхен, Рим, Вена және Варшава бағыттарынан бас тартуға мәжбүр етті.

Еске салсақ, бұған дейін Венгрияның Wizz Air әуе компаниясы мен Латвияның Air Baltic әуе компаниясы Беларусь әуе кеңестігімен ұшпайтынын мәлімдеген еді.

Олар мұны Ryanair ұшағында болған оқиғамен байланыстырып отыр. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп Ryanair ұшағын Минскіге бұрған болатын.

Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист Роман Протасевичті тұтқындады. Беларусь елінде ол терроризмге қатысы барлардың тізіміне енген және іздеуде болған. Әуе кемесі қонған сәтте оппозициялық журналист қамауға алынды.

Ресей Беларусь әуе кеңстігінен ұшудан бас тартқан екі компанияның рейстерін тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.