Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ауыстыру қалай жүргізілетіндігін түсіндірді

Опубликовано:

білім министрі
Фото: Асхат Аймағамбетов/Facebook

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мектеп директорларын ауыстыру қалай жүргізілетіндігін түсіндірді деп хабарлайды Қазақпарат.

"Ұстаздарды бір аймақтан екінші аймаққа ротациясы жүргізілуде дейді халық. Біз құстар емеспіз ғой, ана жақтан мына жаққа ұшатын. Ол не сонда?", - деді министрге сұрақ қойған мұғалімдердің бірі.

Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов бұл ақпараттың жалған екенін жеткізді.

"Ротация мұғалімдерге қатысты емес, мектептердің басшылығына, директорларға ғана қатысты тетік. Директорларға қатысты дегеннің өзінде де мысалы бір директорды Петропавлдан Түркістанға жіберу деген емес. Ротация болса да ол бір қаланың ішінде жүргізіледі. Сондықтан бір өңірден екінші өңірге жіберу деген мәселе заңнамамызда көрсетілмеген. Мұғалімдер бойынша ротация мәселесі мүлдем жоқ", - дейді білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар, министрдің халыққа есеп беру кездесуінде оқытушының бірі Аймағамбетовке декретте отырған мұғалімге мектепке оралу үшін сертификат алу қажет пе деген сауал қойды.

"Биыл мектепке жұмысқа қабылданатындардың бәрі сертификат алуы керек деп жатыр. Мен үш жыл бойы декретте отырдым, жұмыс істеген жоқпын. Сонда бұл сертификатты мен де алуым керек пе?", - деді ол.

"Бұл сіздерге қатысты талап емес. Егер сіз декретте болсаңыз, мектепке оралып, әрі қарай жұмысыңызды жалғастыруға болады. Сіздерден ешкім ешқандай жаңа сертификат талап етпейді", - деп жауап берді білім және ғылым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914953-asxat-aimagambetov-mektep-direktorlaryn-auystyru-qalai-zurgiziletindigin-tusindirdi/

pixel