jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

QazVac вакцинасы сыналуға тиіс болған маймылдардың қашып кеткені рас па

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Отандық мессенджердің бірінде осыған дейін қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу алдында макакалардың қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының басшылығы бұған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бастапқыда институттың басшылығы макакалардың қашуы туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

Бүгін аталған мекеме басылымға көптің талқысына түскен жағдай туралы тағы бір ақпарат жіберді. Олардың мәліметінше, жеткізуші бірнеше макакадан көз жазып қалған.

"2020 жылдың 9 шілдесіндегі мемлекеттік сатып алулар туралы шартқа сәйкес "Шерхан" жеке кәсіпкерлігі 2020 жылдың 24 шілдесіне дейін алты ересек маймылды жеткізу туралы міндеттеме алды. Алайда жеткізуші шарттың мерзімі ішінде тек екі макаканы жеткізген. Олар қалған төрт жануарды жеткізуге түрлі себептер, соның ішінде тасымалдау кезінде жоғалтып алуы кедергі болғанын атап өткен", - дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты.

Институт жеткізушімен арадағы шарт бұзылғанын жасырған жоқ. Бірақ мемлекетке және институтқа ешқандай шығын келмеді, дейді олар.

Айта кетейік, қазақстандық вакцина (QazVac) ақ тышқан, теңіз шошқасы, сириялық атжалман, күзен, ақ егеуқұйрық және резус-макакаларда сыналған.

Елімізде зертханалық маймылдар – резус-макакалар мекендейтін арнайы орындар болмағандықтан, зерттеу жұмыстарының бір бөлігі Сочидегі приматология институтында жүргізілген.

QazVac вакцинасы сыналуға тиіс болған маймылдардың қашып кеткені рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.