Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таудан табылған үш жігіттің жақындарымен қауышу сәтінен әсерлі суреттер пайда болды (фото)

Опубликовано:

Қауышу
Фото: ҚР ТЖМ

Түркістан облысының тауларынан табылған үш турист туыстарымен қауышты. Бұл сәттен әсерлі суреттерді Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев жоғалған жеті туристің үшеуі 28 мамырда тікұшақтың көмегімен табылғанын атап өтті.

Олардың 13.10-да құтқарылып, 13.45-те Шымкент әуежайына жеткізілгені белгілі болды. Үшеуі де медициналық көмекке мұқтаж емес.

"Құтқарылғандардың сөзінше, 25 мамырда олар екі топқа бөлініп, төртеуі Өгем шатқалының бойымен төменге қарай кеткен. Қазіргі уақытта табылған үш турист туыстарына табысталды", - дейді Ерік Сарыбаев.

Қауышу
Фото: ҚР ТЖМ

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі олардың туыстарымен кездесу сәтінен әсерлі суреттер жарияларды.

Кадрдан жігіттердің жақындарымен қауышқан сәтін, туыстарының көз жасына ерік бергенін көруге болады.

Фото
Фото: ҚР ТЖМ

Айта кетейік, бүгін "Қазавиақұтқару" тікұшағымен аэровизуалды барлау барысында Сайрам-Өгем ұлттық саябағында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды.

Олардың жоғалып кеткені жайлы ақпарат 102 пультіне 25 мамыр күні 18 сағат 30 минутта түскен.

Белгілі болғандай 21 мамырда туристер жаяу "Сары-Айғыр" шатқалына аттанған. Олар 24 мамыр күні оралуы тиіс болған. Алайда белгіленген уақытта жігіттерден еш хабар болмаған.

Жоғалған жеті жігіттің алтауы - Назарбаев университетінің студенті. Ал бірі - Кентау "Білім-Инновация" лицей-интернатының түлегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915001-taudan-tabylgan-us-zigittin-zaqyndarymen-qauysu-satinen-aserli-suretter-paida-boldy-foto/

pixel