Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов вакцина салғызбаған мұғалімдердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцина салдырмайтын мұғалімдердің жалақысы қысқара ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Вакцина алмаған ұстаздарға жаңа оқу жылында еңбекақысының 50 пайызы ғана төленеді дейді. Осыны растайсыз ба?", - деп сұрады тұрғындардың бірі министрдің халыққа есеп беру кездесуінде.

Білім және ғылым министрі вакцина алу әр азаматтың өз еркі екенін жеткізді.

"Дегенмен біз мектептерді ашамыз десек, өз-өзімізді, жақындарымызды, балаларымызды осы індеттен сақтаймыз десек, онда әрине, басқаларға үлгі көрсетіп, ең бірінші болып вакцина салдыруымыз қажет. Ал жаңағыдай вакцина алмағандарды жұмыстан шығарып жібереді немесе тағы басқа деген мәселелердің қайдан шыққан ақпарат екенін мен білмеймін", - деді ААсхат ймағамбетов.

Сонымен қатар, министрдің халыққа есеп беру кездесуінде оқытушының бірі Аймағамбетовке декретте отырған мұғалімге мектепке оралу үшін сертификат алу қажет пе деген сауал қойды.

"Биыл мектепке жұмысқа қабылданатындардың бәрі сертификат алуы керек деп жатыр. Мен үш жыл бойы декретте отырдым, жұмыс істеген жоқпын. Сонда бұл сертификатты мен де алуым керек пе?", - деді ол.

"Бұл сіздерге қатысты талап емес. Егер сіз декретте болсаңыз, мектепке оралып, әрі қарай жұмысыңызды жалғастыруға болады. Сіздерден ешкім ешқандай жаңа сертификат талап етпейді", - деп жауап берді білім және ғылым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915032-aimagambetov-vakcina-salgyzbagan-mugalimderdin-zalaqysy-turaly-suraqqa-zauap-berdi/

pixel