Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма

Опубликовано:

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдындағы есептік кездесуінде "қазақстандық балалар жаңа оқу жылында мектептерге барады ма?" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Өте өзекті сұрақ, бірақ жауап келесідей болады: барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер біз халықтың көп бөлігін вакцинациялай алсақ және барлық санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында, қыркүйектен бастап біздің білім беру ұйымдарымызды және ең алдымен мектептерді аша аламыз деп санаймын", - деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, оқушылар мектепті сағынып, дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді.

"Бұл бәрімізге, бүкіл қоғамға байланысты шешіледі. Бірақ, бүгінгі таңда мемлекет қабылдап жатқан вакцинация қарқыны мен эпидемияға қарсы шаралар келесі оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенуге негіз береді деп ойлаймын", - деді ол.

Сонымен қатар, министрдің халыққа есеп беру кездесуінде оқытушының бірі Аймағамбетовке декретте отырған мұғалімге мектепке оралу үшін сертификат алу қажет пе деген сауал қойды.

"Биыл мектепке жұмысқа қабылданатындардың бәрі сертификат алуы керек деп жатыр. Мен үш жыл бойы декретте отырдым, жұмыс істеген жоқпын. Сонда бұл сертификатты мен де алуым керек пе?", - деді ол.

"Бұл сіздерге қатысты талап емес. Егер сіз декретте болсаңыз, мектепке оралып, әрі қарай жұмысыңызды жалғастыруға болады. Сіздерден ешкім ешқандай жаңа сертификат талап етпейді", - деп жауап берді білім және ғылым министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915033-qazaqstanda-1-qyrkuiekte-oqusylar-mektepke-bara-ma/

pixel