RU

"Тауда түнедік": Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты (фото)

Тау
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттерді іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы полиция қызметкерлері айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов із-түзсіз жоғалған жастарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Фото
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

"Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, шекарашылармен және еріктілермен бірлесіп, 60 полиция қызметкері жұмылдырылып, іздеу жұмыстарына белсенді қатысуда. Бұлар негізінен таулы жерлерде бағдарлауды бес саусақтарындай білетін және белгілі бір тәжірибесі бар жедел бөлімшелердің қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар.

Біздің іздеуіміз ауа-райы құбылған жағдайда да қиын. Онда жауын болса, тұман болса қар жауады. Жылдың барлық мезгілі бір уақытта.

Тек үшінші күні ғана тікұшақты пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Іздеу жұмыстарын бастағанда таулардың етегі жасыл әрі күн ыстық болды. Содан кейін біз атпен жүре бастадық.

Бір уақытта ыстық салқынмен алмасып, содан кейін күн мүлдем суып кетті. Жылқыларды тастап, әрі қарай жаяу жүруге тура келді.

Ұлттық парктің барлық аумағы таулы, қырлы. Көптеген шатқалдар мен ағысы қатты суық өзендер. Кеш түсіп, түн басталғаннан соң таңертең іздеуді қайта жалғастыру үшін тауда түнедік.

  • Өйткені әр минут қымбат болатын. Жоғалған жастардың үшеуін таптық. Оларды тікұшақпен алып кетті, ал біз одан әрі қарай 4 жігітті іздеуге қайтадан кірісіп кеттік. Бұл оқиғаның соңы сәтті аяқталады деп сенемін. Алладан барлық жоғалған жастардың түгел табылып, өз отбасыларына дін аман оралғанын тілеймін", - деді Құрманбек Сахов.
Тау
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Тау
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915035-tauda-tunedik-policei-turkistanda-zogalyp-ketkenderdi-izdeu-qalai-zurip-zatqanyn-aitty/