Тауда жоғалған екі туристі іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылды (фото)
Жарияланған күні:
Тауда жоғалып кеткен туристі іздестіру жұмыстарына Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары да тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеруде. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Оның сөзінше, Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы рельефтердің болуы және өзендердің қатты ағысы іздеу жұмыстарын жүргізуде қиындық туғызып жатыр.
Бүгінгі күнге дейін іздеу жұмыстары ұзындығы 350 шақырымнан асатын тау шатқалдары бойында жүргізілген. Мамандар пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 170 шақырым аумақты қарап шыққан.
"Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен аэровизуальды барлау жасалған. Жалпы 2 мың шақырым астам жер әуеден тексерілген.
Қазіргі уақытт іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардан, ҰҚК Шекара қызметінен, ІІМ Ұлттық гвардиясынан, Ұлттық парктен, Альпинизм федерациясынан 218 адам, 32 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағы және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылған.
Еске салайық, Төле би ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын.
Оның үшеуі аман-есен табылып, үйлеріне қайтарылды.
Ал, 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған.
Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915247-tauda-zogalgan-eki-turisti-izdeuge-ozbekstan-qutqarusylary-da-zumyldyryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.