Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үй ішіне кіріп кеткен жыландар тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Отырар арнасы

Шымкент қаласында жыландар тұрғын үйге кіріп кеткен деп хабарлайды Отырар арнасы.

"112" нөміріне Қазығұрт шағынауданындағы Сыпатаев көшесінде орналасқан тұрғын үйге жыландардың кіргені туралы хабарлама келіп түскен.

Құтқарушылардың екі жыланды ұстап, қауіпсіз жерге апарғаны белгілі болды.

Шымкентте мамыр айында осыған ұқсас екі жағдай тіркелкен.

Сәуірдің ортасынан мамырдың аяғына дейін бауырымен жорғалаушыларда жұптасу процесі жүреді. Осы кезеңде олар өте қауіпті және агрессия көрсетеді.

Сондықтан мамандар қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.

Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:

  • соқырлар тұқымдасы (1 түрі),
  • айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі),
  • сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі),
  • сұржыландар (2 түрі),
  • бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі.

Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915287-symkentte-ui-isine-kirip-ketken-zylandar-turgyndardyn-ureiin-usyrdy/

pixel