Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша жаздың алғашқы күнінде ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі.

Екінші маусымда күндіз батыста, үшінші маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында сенбі күні ауа райының күрт құбылуынан сел жүріп, салдарынан екі адам қаза тапқан болатын. Көз жұмғандар - №199-шы мектептің мұғалімі мен оқушысы. Селден зардап шеккен тағы жеті адам ауруханаға жатқызылған. Төтенше жағдайдан соң бір күннен кейін табылған 11 жастағы оқушы қыздың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп отыр.

Шарын шатқалында лай-сел көшкіні жүретіндігі туралы неліктен алдын ала ескерту жасалмады деген сұраққа Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы жауап берді.

Айтуынша, ол ауданда "Қазселденқорғау" мекемесінің бөлімшесі жоқ. Сондай-ақ, Алматы қаласы және Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменттеріне қандай да бір сел жүретіндігі туралы дауылды ескерту жасалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915364-sinoptikter-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel