RU

"Қорқынышты фильмдегідей": Шарындағы селді көзімен көрген бойжеткен тың деректер айтты

Фото
Фото: ticketon.kz

29 мамырда Шарын шатқалында сел болып, соның салдарынан екі адам қаза тапты. Оқиғаның куегерлері қайғылы жағдай туралы тың деректерді бөлісті.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті.

"Өкінішке қарай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы жағдай салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қайтыс болды. Қаза болғандардың жанұясына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деген еді ведомство хабарламасында.

Өткен сенбіде Алматы қаласына қыдырып келіп, Шарын шатқалына экскурсияға барған Теміртау қаласының тұрғыны Анастасия Гринштейн жаңа мәліметтер айтты деп жазады zakon.kz.

"Құрбым екеуміз тур арқылы Шарын шатқалына бардық. Күн өте ыстық еді. Жауынның белгісі болған жоқ. Шарын шатқалынан төменге түсіп бара жатқанымда мистикалық мекенге бара жатқандай сезіндім", - деді Анастасия.

Оның сөзінше, жолдың жартысына жеткенде жаңбыр басталып, күн күркіреген. Құрбыларым артқа қайтуды ойламады, дейді теміртаулық ару.

Алайда туристерді автотұрақтан Шарын өзеніне таситын, каньонмен жүретін таксиді тоқтатыпты.

Қыздар көлікке отырған кезде жаңбыр күшейіп, бұршақ басталған.

"Жобамен екі минуттың ішінде сел басталды. Жаңбырдан кейінгі қалыпты құбылыс деп ол кезде көп нәрсені білмедім. Бірақ табан астында адамдардың айқайларын естідім, үрей басталды. Жағдай қорқынышқа айналды.

Олар балалардың батып жатқанын айтып, айқайлады. Құрбым екеуміз біреу құлап кетті деп ойладық, сөйтсек оларды толқын ағызып кетіпті. Осыдан кейін бәрі қорқынышты фильмдегідей өрбіді. Суға кеткен екі қыз бала жоғалып кетіп, кейін қайта пайда болды. Олар әрең дегенде жағаға шығып үлгерді", - дейді Анастасия жантүршігерлік оқиғаны есіне алып.

Ол ер адамның бірі тезеге дейін батпаққа батып, ағынның арғы бетіне өткенін, қыздарды арқасына салып, қауіпсіз жерге көшіргенін жеткізді.

"Сол сәтте мен көмектесуге дайын тұратын жақсы адамдардың елде тұратынына көзім жетті. Бізге көлік батпаққа тығылып қалғандықтан, такси әрі қарай жүрмейтінін айтқан уақытта бойымды қорқыныш биледі. Өйткені, жолды су шайып кеткен, жан жақтың бәрі балшық, байланыс жоқ. Мен мейлінше жоғары шығу үшін бірден жүгірдім.

Жолдың ортасына жеткенде құрбандар бар екенін көрдік. Арасында біреуінің көз жұмғанын естідім. Контейнерге барғанда зардап шеккендердің саны үшеу екенін аңғардым. Бір қыз баланың шок жағдайға түскені соншалықты, бір нүктеге қарап, үнсіз отыра берді. Бұндай сапарды ұзақ уақытқа дейін есімнен шығармайтыным анық", - деді Анастасия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915425-qorqynysty-filmdegidei-saryndagy-seldi-kozimen-korgen-boizetken-tyn-derekter-aitty/