jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Илон Масктың қазақстандық студенттермен кездесуі тағы да кейінге қалдырылды

Илон Маск
Фото: Facebook/Elon Musk

Қазақстандық студенттердің америкалық миллиардер, Tesla мен SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маскпен кездесу уақыты тағы да кейінге қалдырылды. Олардың нақты қай күні кездесетіні әлі белгісіз.

Көптен күткен шараның уақыты ауыстырылғаны жайлы Sputnik Қазақстанға Еуропалық экономика және бизнес Жоғары колледжінің құрылтайшысы Талғат Төремұратов хабарлаған.

Оның айтуынша, онлайн форматта өтуі тиіс кездесу кәсіпкердің жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты кейінге қалдырылған.

"Ол міндетті түрде өтеді. Бізде ZOOM-да сілтеме бар. Конференцияның өтетін күні белгілі болғаннан кейін хабарлаймыз. Біз студенттеріміз қоятын сұрақтарды жібердік. Атап айтқанда, оларды Қазақстанда Tesla зауытын ашуға қызығушылық бар ма, қазақстандық студенттердің жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін Илон Маск компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма деген сұрақ мазалайды", - дейді Төремұратов агенттікке.

Сондай-ақ, ол бұл кездесу үшін ешқандай қаржы төленбегенін, қазақстандық колледж бен кәсіпкердің өкілдері арасында ешқандай шарттық міндеттемелер жоқ екенін атап өтті.

"Илон Масктың уақыты тығыз екенін түсінеміз, сондықтан күтуге әзірміз. Ол жақында ресейлік жастармен тілдесті. Кездесу ұзаққа созылмаған. Менің естуімше, ол кездесу сегіз рет кейінге қалдырылған екен", - дейді Төремұратов.

Еске салайық, Илон Масктың 1 мамырда қазақстандық студенттермен онлайн режимде жүздесетіні жайлы наурыз айында белгілі болған еді. Кейін кездесу 28 мамырға шегерілген болатын.

Илон Масктың қазақстандық студенттермен кездесуі тағы да кейінге қалдырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.