Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың бір ауданында су болмайды

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында су беру тоқтатылады деп хабарлайды "Астана су арнасы" МКК.

"Астана су арнасы" МКК-ның мәліметінше, 2 маусым кешкі 21:30 бен 3 маусым таңғы 09:00 аралығында ЖЭО-1 мен өндірістік аймақты сумен қамтамасыз диаметрі 600 мм-лік ауыз сумен жабдықтау желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 2 маусым 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін, Байқоңыр ауданы бойынша ішінара Өндіріс және Кирпичный тұрғын үй алабында, Пушкин көшесінде, 69 көшесінде, Алаш тас жолы мен "әл-Фараби даңғылында және ЖЭО-1 мекенжайында ауыз су беру уақытша тоқтатылады. 3 маусымда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты жоғарыда аталған аудандарда су қысымы төмендейді", - дейді компанияның баспасөз қызметі.

Ведомство бұл жұмыстар қаланың дамуына байланысты сумен жабдықтау желілерінің сапасын жақсарту үшін қажет.

"Сіздерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктері үшін күнделікті су қорын алдын-ала дайындап алуды сұраймыз", - дейді "Астана су арнасы" МКК.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық мобильділік басқармасы әл-Фараби даңғылында 1-10 маусым аралығында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетінін хабарлаған еді.

Бұған әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын ауыстыру, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу себеп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915519-elordanyn-birnese-audanynda-su-bolmaidy/

pixel