Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін": Маусым айында елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаз44
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет РМК" өкілдері маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылдың маусымында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Осылайша, республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1° жоғары, тек елдің батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Айдың басында республиканың басым бөлігінде циклондық әсерге байланысты қатты нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және 15-25 м/с дейін қатты жел, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Сондай-ақ, солтүстік циклонның әсерінен елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы төмендеуі ықтимал. Мәселен, түнгі уақытта термометр бағаны +2+10°С-қа дейін, күндіз +12+17°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасының түнде +10+17°С-тан +15+21°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +25+32°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Ал еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде + 15 + 25°С, күндіз + 30 + 40°С, тау бөктері мен таулы аймақтарда түнде + 10 + 15 °С, күндіз + 25 + 30°С болуы мүмкін.

Сонымен қатар, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы +30+38°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +42°С-қа дейін, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +35+43°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +45°С-қа дейін көтерілуі ықтимал.

Сонымен бірге, маусым айында солтүстік Атлантика аймақтарынан келетін суық ауа массаларының әсерінен ауа температурасы төмендеуі де мүмкін.

Орташа тәуліктік ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, маусым айында -5°C-қа дейін үсік жүруі де ықтимал.

Үсік маусымның үшінші онкүндігінде солтүстік облыстарда және таулы аймақтарда жүруі мүмкін.

Жалпы маусым айында негізінен найзағай, қысқа мерзімді жауын-шашын, 15-20 м/с дейін екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік-батысында және орталық бөлігінде нормадан аз болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915533-5c-qa-deiin-usik-zurui-mumkin-mausym-aiynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel