Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орны туристер қабылдауға рұқсат алған

Опубликовано:

Қапшағай
Көрнекі фото: аzattyq-ruhy.kz

Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристерді қабылдап, жұмыс істей беруге рұқсат берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірдегі демалыс кешендерінің басым бөлігі Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай суқоймаларында орналасқан. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су айдындары мен топырақтардан алған зертханалық сынамалар барлық санитария талаптарына сай болып шықты.
Сондай-ақ кәсіпкерлерге қалыптасқан санитарлық талаптарды сақтаудан бөлек «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бұл аймақтағы эпидемиялогиялық ахуалдың тұрақтануына және демалыс орындарының туристердің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді», - дейді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет.

Оның айтуынша, келешекте мұның пайдасы бар.

«Алдағы уақытта «Ашық» қосымшасына жүктеп жатса өздеріне жақсы болады. Адамның статусын біліп отырады. Келушінің статусын біліп, мысалы қызыл статусты адам келіп жатса кіргізбейтіндей»,- деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915555-almaty-oblysyndagy-130-ga-zuyq-demalys-orny-turister-qabyldauga-ruqsat-algan/

pixel