Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Цифрландыру бар, байланыс жоқ”: Депутат Шарындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: ticketon.kz

Мәжіліс депутаты Артур Платонов биліктің балалар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Платонов премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдай отырып, туристік маусым ашылғалы бері Қазақстанда тек мамыр айының ішінде 22 бала қаза тапқанын атап өтті.

Ол Шарындағы оқиғаны мысал ретінде келтірді.

"Шарындағы жайт бір оқушы мен мұғалімнің өмірін қиды. Бесінші сыныптың бірнеше оқушысы зардап шегіп, стресс алды.

Соңғы минутқа дейін оқушыларды құтқаруға тырысқан сүйікті ұстаздары Мерей Ибрагимов қайтыс болғаннан кейін "ерлігі мен жанқиярлығы үшін" марапатталды. Оның жасы 26- да еді.

11 жастағы Зере Бисембай да ерлік пен батылдық көрсете білді. Батыл оқушы өзін 3 шақырымға алып кеткен қуатты ағыннан шығып, жартастарға көтеріліп, 20 сағат бойы өз өмірі үшін күрескен", - деді ол.

Платонов бұл оқиға жіті тергеуді қажет ететінін айтады.

"Әзірге біз мемлекеттік органдардың іс – қимылдарының үйлесімсіздігін, жауапкершіліктің әрқайсысына бір, яғни, мектепке, ата-аналарға, турфирмаға ауысқанын байқап отырмыз. Ал балалар қорғансыз. Олар тіпті, апат туралы дереу хабарлай алмайды. Цифрландыру бар, байланыс жоқ.

Табиғаттың ең әдемі жерлерінің бірінде, әлемнің інжу-маржанында әр секунд қымбат болған кезде төтенше жағдай туралы тез хабарлау мүмкін емес. Бұған жол беруге болмайды, нағыз жауапсыздық",- деді ол.

Cонымен қатар, Платонов Түркістан облысының таулы аймағындағы жайт туралы да айтты. Бүгінде тауға кеткен екеуінің мәйіті табылып, үш адам аман-есен үйіне жеткізілген. Ал қалған жоғалғандар іздестіріліп жатыр.

"Тағы екі баланы іздеп жатыр. Өзбекстандық құтқарушылар қосылды. Қазірше туристердің бірінің рюкзагы табылды. Мұнда да байланыс мәселесі туындайды",- деді ол.

Осыған байланысты ол үкіметтен белсенді демалыс орындарында, туристік маршруттарда балалар мен ересектердің өліміне жол бермеу бойынша шұғыл жүйелі шаралар қабылдауды сұрады. Оның пікірінше, қауіпсіздіктің максималды шаралары мен тұрақты байланыс қамтамасыз етілуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915661-cifrlandyru-bar-bailanys-zoq-deputat-saryndagy-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel