jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыны бекітті

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Еліміздің мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыны бекітті. Оған сәйкес енді Ashyq жүйесін пайдалану мүмкіндігі Қазақстанның барлық аймақтарында кеңейтіледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар, жоба аясында қызмет көрсететін бизнес нысандардың да тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда:

  • фитнес-клубтар, оның ішінде йога орталықтары;
  • СПА орталықтары;
  • сауна, бассейндер;
  • компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана, көше тағамдары сияқты объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындары, жазғы алаңдар, тамақтану алаңдары, банкет залдары;
  • аймақаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендермен спорттық шаралар;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қаласының әуежайы;
  • Ақтау және Қостанай қаласының әуежайы (2021 жылғы 7 маусымнан бастап);
  • лотерея клубтары және лотереяны сатудың басқа нүктелері;
  • балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);
  • цирктер;
  • қонақ үйлер.

Одан бөлек, аймақ әкімдері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрғындарға, жеке және заңды тұлғаларға Ashyq мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа платформалар арқылы пайдалану қажеттігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ashyq мобильді қосымшасы бизнеске карантин кезеңінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретіні туралы хабарланған.

Ал мұндай қосымшаны IT қоғамдастығының өкілдері үкімет ақшасын жұмсамай-ақ жасаған.

Жалпы, өткен жылдан бастап Ashyq жүйесі Қазақстанның бірнеше қалаларында пилоттық режимде жұмыс істеуді бастады.

Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыны бекітті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.