jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Әлеуметтік желіде мемлекеттік рәміздерді қорлаған қазақстандық қамауға алынды

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілерде ер адам Қазақстанның мемлекеттік символдарына қатысты құрметсіздігін көрсетіп, пікір қалдырған. Оның бейәдеп сөздері 42 жастағы желі қолданушысының шамына тиіп, полицияға арыз жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам еліміздің мемлекеттік символдарына деген құрметсіздігін Instagram желісіндегі жазбалардың бірінде танытқан. Павлодар ауданының полиция бқліміне арыз түскен.

Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтаған. Ер адам Ефремовка ауылынң 38 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Ол өзінің іс-әрекетін алкогольді мас күйде болғандығымен және өз іс-әрекетін бақылай алмағандығымен түсіндіреді", - дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

Сот кезінде ер адам кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген.

Іс ұсақ бұзақылық дерегі бойынша қаралған. Нәтижесінде ол бір тәулікке қамауға алынған.

Еске сала кетсек, 4 маусым күні Қазақстан халқы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өткен еді.

Осы ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған болатын.

"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!", - деп жазды президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Әлеуметтік желіде мемлекеттік рәміздерді қорлаған қазақстандық қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.