Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар емтиханнан кейін ауруханаға түсті: "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" тексеріс басталды

Жарияланған күні:

НЗМ
Фото: nis.edu.kz

Елордадағы емтихан тапсырып болғаннан кейін көздерін күйік шалған төрт жасөспірім ауруханаға түскен еді. Анықталғандай, зардап шеккендер "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" оқушылары. Білім ордасы болған жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды НЗМ ресми сайты.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы 2021 жылғы 7 маусымда Халықаралық бакалавриат Зияткерлік мектебінде емтихан кезінде бактерияға қарсы шам қосулы қалғанын растайды.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлілер жазаланады", - дейді білім ордасындағылар.

Сонымен бірге, бүгін, 8 маусымда медициналық тексеру үшін балалар емтиханнан босатылғаны хабарланды. ⠀⠀

"Емделуге және оңалтуға қажетті барлық шығындарды дербес білім беру ұйымы өтейтін болады. Барлық зияткерлік мектептерде бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада 2004-2005 жылы туған жасөспірімдердің ауруханаға түскенін жазған едік.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушылар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

Олар кварц шамының әсерінен өздерін жайсыз сезінгенін айтқан.

Оларды тексеру кезінде жеңіл деңгейде электроофтальмия (көз алмасының зақымдалуы) анықталды", – делінген хабарламада.

Медициналық тексерістен кейін төрт оқушы да үйлеріне жіберілген. Олар тұратын мекенжайы бойынша амбулаториялық ем алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916626-balalar-emtixannan-keiin-auruxanaga-tusti-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebinde-tekseris-bastaldy/