jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Елордада мүгедек арбасындағы қожайынын сүйреген ит елдің жүрегін елжіретті (видео)

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Желідегі танымал парақшалардың бірінде арбаға таңылған жарымжан қожайынын сүйреген иттің видеосы пайда болды. Онда төрт аяқты үй жануарының арбадағы иесін итеріп бара жатқан сәтін анық көруге болады. Желі қолданушылары үй жануарының ақылды әрекетіне сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мүгедектер арбасындағы адам мен иттің видеосы Instagram желісіндегі eto_astana_detka парақшасында пайда болды.

Видео авторы оған: "Ит қожайынын сүйреп барады. Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы. Ит тағы да бір рет өзінің адамдығын, иесіне адал екенін дәлелдеді" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары иттің көз сүйсінерлік әрекетіне тәнті болған. Олар үй жанарының адалдығы туралы жарыса жазып, көптеген жағымды пікірлер қалдырып жатыр.

"Қандай ақылды ит, қандай ауыр болса да, иесін далада тастамай, сүйретіп барады. Оның беліне қандай салмақ түсетінін де білетін боласыздар, соған қарамастан, итеріп барады, бастысы қожайынын далада тастамады. Ал адамдар неге жануарларды сатып, оларды иен далаға тастап кетеді екен?», «Кеше мен де көрдім, иттің көзі сондай мейірімді», «Қалада бұл екеуін көп көремін, адамдарға осы иттен үлгі алу керек, адамдық, адалдық деп осыны айт, «Керемет көрініс, ит екеш итке дейін иесіне адал" деген пікірлерін жаудырған желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлыбританияда да иттің ерлігі жайлы жазған болатынбыз. Онда Ұлыбританияның Бирмингем қаласы Уэст-Мидлендс графтығында хаски тұқымдас үй төбеті саябақтан жаңа туған нәрестені тауып алып, сәбиді аман алып қалған еді.

Елордада мүгедек арбасындағы қожайынын сүйреген ит елдің жүрегін елжіретті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.