RU

БАҚ: Ақтөбеде полиция полковнигі ұсталды

тұтқындалды11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде жоғары лауазымды полицей ұсталды. Полковник ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталған. Полковник ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.

Бұл жаңалық көпшілік үшін күтпеген жағдай болған. Өйткені полицейдің 25 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі маман. Сондай-ақ, ол күзде зейнетке шығуды жоспарлап отырған.

"Ведомствоның баспасөз қызметі қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады. Бірақ, әзірге қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр", - деп хабарлайды телеарна.

Сонымен қатар, өңірлік полиция департаментінің басшысы әлеуметтік желіде "Тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекеттерінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды" деп жазған.

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталғанын жазған едік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметінше, шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінген.

Одан бөлек, Павлодарда полиция қызметкеріне пара бермек болған тұрғынның жазаға тартылғанын хабарлаған едік.

Патрульдік полиция батальонының инспекторына жергілікті тұрған өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін екі мың теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы бермек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916987-baq-aqtobede-policiya-polkovniginin-paramen-ustalganyn-xabarlady/