Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлшара Әбдіқалықова: 1 жылда 6 мектепті пайдалануға беріп, тағы 5 мектептің құрылысын бастаймыз

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда өңірінде мектеп салу қарқыны бәсеңдеген емес. Биыл облыс халқы үшін 6 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі.

Оның ішінде 300 және 500 орындық 2 жеке мектеп ашылған. Сонымен бірге Қызылордада 3750 орындық тағы 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Жаңа мектептер салу арқылы апатты мектептерді мәселесі шешіледі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз брифингінде баяндады.

"Өңірімізде 3 апатты мектеп болған. Оның біреуін пайдалануға бердік, қалған екеуінің құрылысы биыл аяқталады. Мектептерді қайта жаңғыртудан өткізу мәселелерін де шешіп келеміз. Биыл 48 білім ошағы модернизациядан өтті. Сонымен бірге 550 орынға арналған үш қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізудеміз",- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, биыл Қызылордада 475 орындық 3 жатақхана пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы инклюзивті сыныптар ашылған.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ал, облыста ауыл балаларының спортпен айналысуы үшін 5 спорт кешені салынады. Жаңа нысандар 4 аудандағы бірнеше ауылдың балалар үшін спортпен шұғылдануына ерекше мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, өңірде корпоративтік қордың қолдауымен тағы бір көпфункционалды спорт кешені бой көтереді.

Өңірде спорт алаңдарын ашуға ниетті кәсіпкерлер қатары артқан. Кәсіпкерлер мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде 7 жобаны іске асыруға мүдделі.

Бұл көрсеткіштердің барлығы ел тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер екенін айтқан аймақ басшысы, мерейтой аясында атқарылатын шараларға да тоқталды. Атап айтқанда Тәуелсіздіктің 30 жылдағына орай облыста 12 тақырыптық бағыт бойынша 266 түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын облыстық кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген.

Атақты күрішші, «дала академигі» Ыбырай Жахаевтың 130, КСРО халық артисі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдықтары аталып өтіледі. Сонымен бірге, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына арналған республикалық айтыс, ақын, жырау Кете Жүсіптің 150 жылдығына арналған жыраулар мен жыршылар байқауы өтеді. Мұнан бөлек, Бәбіш молла, Жанкент, Сығанақ қалаларының орнында археологиялық зерттеулер басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916997-gulsara-abdiqalyqova-1-zylda-6-mektepti-paidalanuga-berip-tagy-5-mekteptin-qurylysyn-bastaimyz/

pixel