jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялана ма

Жылқы
Фото: Facebook/Зеріп Айтжанова

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында өңірде төтенше жағдай жарияланбайтынын мәлімдеді деп жазады Азаттық рухы.

"Бұл жағдай Арал ауданында тіркеліп отыр. Қазір аудандағы малдың өлімі тоқтады. Бірақ аудан әкімдігі басқа құзіретті органдармен бірігіп, төтенше жағдайдың қажеттілігін пысықтап жатыр", - деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Өңір басшысының сөзінше, осы жылы қыс ұзаққа созылып, жауын-шашын аз түскен.

Шөп пен мал азығы тапшылығына байланысты наурыз-сәуір айында жеті ауылда 300-ден астам жылқы мен 150-ге жуық ірі қара қырылған.

Осы ретте Ақтөбе облысы мен көрші аудандардан 500 тоннадан астам жем-шөп, мал азығы жеткізілді, деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Одан бөлек, шаруаларға төмендетілген бағамен беру үшін азық-түлік корпорациясынан қосымша өнім алу жоспарланып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облысы тұрғындары әлеуметтік желіде қуаңшылықтан мал қырылып жатқанын жарыса жазған болатын.

Олар әсіресе Құланды, Арал ауданында жаңбырдың бір тамшысы да тамбай, жер қурап тұрғанын алға тартады. Зеріп Айтжанова есімді желі қолданушысы Арал аймағында аштан қырылған ірі қараның суреттерін жария етті.

Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялана ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.