jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Аққуларға жол берген көлік жүргізушілері елдің жүрегін елжіретті (видео)

Аққулар
Видеодан кадр: Instagram/ shk_kz

Желі қолданушылары жолдан өтіп бара жатқан аққуларға жол берген көлік жүргізушілеріне сүйсінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызықты жайт Қарағанды облысы, Абай ауданы Долинка ауылындағы көшелердің бірінде болған.

Қос аққу мен олардың балапандары жолдан өткенде көлік жүргізушілері жылдамдықты азайтып, тоқтай бастаған.

Бұл сәтті куәгерлер камераға түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желіде таратқан.

Видеоны көрген желі қолданушылары жүргізушілердің әрекетіне риза болғанын жарыса жазуда.

"Әдемі көрініс. Мұндай әсемдікті көрмегеніме көп болды", "Өте сүйкімді, олар өте аз қалды. Жануарлар мен өсімдік әлемін қорғайықшы", "Олар әкімдікке бара жатыр, балапандары көп, асырау керек", - деп әзілдесті желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін атыраулық мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарып қалғанын жазған едік.

Оларға "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау "Сервистік бұрғылау кәсіпорны" ЖШС мердігерлік компаниясының қызметкерлері көмектескен.

Белгілі болғандай аққулардың қанатына тұз қатып қалған. Салдарынан олар ұша алмай қалған.

Одан бөлек, өткен жылы Алматы тұрғындары қаладағы аудандардың бірінен Қызыл кітапқа енген аққуды тауып алған еді. Алайда жараланған аққуды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Аққуларға жол берген көлік жүргізушілері елдің жүрегін елжіретті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.