jitsu gif

Министрлікте еліміздегі оқушылардың көктемгі және күзгі каникулын қысқарту ұсынылды

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі "Ашық НҚА" порталында алдағы 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының каникул мерзімдері көрсетілген бұйрық жобасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Құжатқа сәйкес жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптар үшін 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптар үшін 34 оқу аптасын құрамақ.

"Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады", - делінген құжатта.

Одан бөлек, құжатта оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері де көрсетілді:

  • Күзгі каникул – жеті күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында)
  • Қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында)
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында) болмақ.

Сонымен қатар, 1-сыныптар қосымша жеті күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) демалатын болады.

Құжатта аталмыш бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні жазылған.

Айта кетсек, өткен жылы күзгі каникул 5-15 қазан аралығында он күнге созылған болатын. Ал көктемгі каникул 21 наурыз -1 сәуір аралығында 12 күнді құраған. Қыста қазақстандық оқушылар 31 желтоқсан - 10 қаңтар аралығында 11 күн демалған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мұғалімдерге арнаған хатын жария еткенін жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.