jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Ауыр металдар табылды": Министр қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды

Көл
Көрнекі фото: pixabay.com

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды. Айтуынша, судан алынған сынама нәтижесі тұзда ауыр металдардың барын көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің хабарлауынша, Көбейтұз көлін ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру жоспарда болған.

Алайда, сынама нәтижесін алғаннан кейін облыстық әкімдік қандай шешім қабылдарын білмей отыр.

"Сынама Көбейтұз көлінің тұзында ауыр металдар бар екенін көрсетті. Мен қазақстандықтарды көлге барудан бас тартуға шақырамын", - дейді министр.

Осы ретте Мырзағалиев Ақмола облысының әкімімен сөйлесіп, көлдің мәртебесіне қатысты нақты ақпаратты беруге уәде етті.

"Өткен жылы аудандық әкімдіктің күшімен қоршау қойылды. Оны айналып өтуге болмайды. Екіншісі - көлдің өзі адам денсаулығы үшін қауіпті", - дейді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көбейтұз көлінен уыттылығы жоғары химиялық заттар анықталғанын жазған едік.

Көбейтұз көлі суының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Түп шөгінділерде кадмий, марганец, мыс, күшәла, никель, қорғасын, хром мөлшері анықталды. Жағалаудағы топырақта - кадмий, мыс, мырыш, қорғасын, хром бар болып шықты.

Сонымен бірге, Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Көбейтұз көлінің емдік қасиеті жоқ екенін айтқан болатын.

Оның сөзінше, көлдің қандай да бір емдік қасиеті бар деп, халық бекер ойлайды. Шынтуайтында бұл басқа көлдерде де бар тұз.

"Ауыр металдар табылды": Министр қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.