jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Алтын белгі" иегері ҰБТ-да өзінің орнына өзгені кіргізбек болды

ҰБТ
Көрнекі сурет: pixabay.com

ҰБТ-да төрт түлектің орнына елордалық екі жоғары оқу орнының студенттері кірмек болған. Олардың бұл әрекеті талапкерлерді ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы әшкере болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, студенттер талапкерлердің орнына кіру үшін жалған құжаттар жасаған.

Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру Face-ID жүйесі мұндай заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жүйе биыл ҰБТ тапсыратын барлық орталықта енгізілді.

"Бағдарлама тіпті егіздерді де анықтай алады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ тапсыру кезінде заңбұзушылықтарды қалай анықтау керек екенін жақсы біледі. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында "Алтын белгі" иегері де бар", - деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Талапкерлер мен олардың орнына тест тапсырмақ болғандар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртаңба, мөрлерді, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, биыл ҰБТ тапсыратын орындарда үш сатылы жүйе енгізілген. Нақтырақ айтсақ, тест тапсырушы жеке куәлігін көрсетеді, кейін Face-ID жүйесінен өтеді. Әрбір тест тапсырушының алдында камера орнатылған. Бұл шараның барлығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы орайда ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді академиялық адалдық қағидаларын сақтауға шақырады.

"Алтын белгі" иегері ҰБТ-да өзінің орнына өзгені кіргізбек болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.