jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Ақшам желге кетеді": Алматыда жерді жалға алған кәсіпкер екі оттың ортасында қалды

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Іле Алатауы табиғи паркіндегі жерді 49 жылға жалға алған кәсіпкер парк басшылығы мен әкімдіктің қайсысын тыңдарын белмей сергелдеңге түскен. Біріншісі "қонақ үй салмасаң, орныңды босат" десе, екіншісі ерекше қорғалатын аумақта  құрылысқа рұқсат жоқ деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Кәсіпкер Ләззат Әбжамалованың айтуынша, екі мемлекеттік орган бір-бірімен келісе алмауда.

"Мен ертең ауыр құрылысты мына жерге салып тастайын. Сонда ертең маған архитектурадан келеді, әкімдіктен келеді. "Мынаны бұзыңыз" дейді. Менің ақшам тағы да желге кетеді. Ал ұлттық парк: "Рұқсатты біз береміз, сен салуың керек" дейді. Білмедім, қайсына сенемін?" - деді кәсіпкер.

Ләззат Әбжамалова 14 жылдан бері Алма Арасан шатқалында демалыс орнын ашып, шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Көпбалалы ананың қарамағында 20-ға жуық адам жұмыс істейді екен.

Жазда киіз үй тігіп, отандық туризмді дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкер табиғи паркке жаңа басшы келгелі емін-еркін жұмыс істеу арманға айналды деп ашынып отыр.

Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы тау бөктерінде орналасқан демалыс орны қызыл сызықтың шегінде, су қорғау белдеуінде тұрғандықтан, тек жеңіл құрылысқа рұқсат берілген. Бұл талаптарды кәсіпкер орындауға дайын. Алайда табиғи парк өкілдері алған бетінен қайтпай отыр, дейді Ләззат Әбжамалова.

Ал Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің заңгері Сұлтан Қожанов болса әкім шешім шығармайтынын сөз етті.

"Келісімшартта қонақ үй деп жазылса, қонақ үй болу керек. Бізге әкім шешім шығармайды. Үкімет қаулы шығарады. Біз Алматыға енгенімен, елордаға бағынамыз. Қала билігі өзі аймақтарды бөліп тастаған. Олар бізбен ақылдасуы керек. Өйткені біз республикалық маңызы бар паркпіз. Егер шешімге қарсы болсаңыздар, сотқа жүгініңіздер", - деді ұлттық табиғи паркінің заңгері.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Ақшам желге кетеді": Алматыда жерді жалға алған кәсіпкер екі оттың ортасында қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.