Қостанайда жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында бесік арба сүйреткен әйелді қағып кетті
Жарияланған күні:
Қостанайда 14 маусым көлік жүргізушісі бесік арбадағы сәбиімен келе жатқан келіншекті қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайын өңірдің полиция департаменті баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство дерегінше, "102" пультіне хабарлама сағат 22.30-да түскен. Онда Қайырбеков пен Киевская көшелерінің қиылысында "ВАЗ-21102" автокөлігі баласы бар жаяу жүргіншіні қағып кеткені айтылған.
32 жастағы жүргізуші Қайырбеков көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Осылайша, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, баласы бар әйелді қаққан.
Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем көлігі келіп, 43 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілген. 8 айлық сәби де дене жарақатын алған.
"Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігіне (абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді өңірлік полиция департаменті.
Еске салайық, өткен түні Алматы қаласындағы Майлин мен Бұқтырминская көшелерінің қиылысында жол апаты болып, Мazda көлігі сайға құлап кеткен еді. Көлікте бүкіл отбасы болған, соның ішінде жүкті әйел де отырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан осы көліктің үш жолаушысы зардап шеккен. Оның екеуі бала.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ер адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917783-qostanaida-zayau-zurginsiler-zolynda-qolynda-sabii-bar-kelinsekti-kolik-qagyp-ketti/