RU

Алматыда жүкті әйел отырған көлік аударылып қалды

Фото
Фото: zakon.kz

Өткен түні Алматы қаласындағы Майлин мен Бұқтырминская көшелерінің қиылысында жол апаты орын алып, Мazda көлігі сайға құлап кетті. Көлікте бүкіл отбасы болған, соның ішінде жүкті әйел де отырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол көлік оқиғасы туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ведомство дерегінше, түнгі сағат 00:30 шамасында "Мазда 626" жеңіл көлігінің жүргізушісі Майлин көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Бұқтырма көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен.

Нәтижесінде көлік бордюрге соғылып, аударылып қалды, деп жазады Қазақпарат.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан осы көліктің үш жолаушысы зардап шеккен. Оның екеуі бала.

Zakon.kz порталы ұсынған ақпаратқа сәйкес, көлікте жүргізуші және оның әйелі мен екі баласы болған.

Келіншектің жүкті екендігі айтылды.

Зардап шеккендер, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Ер адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917729-almatyda-zukti-aiel-otyrgan-kolik-audarylyp-qaldy/