Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 градус ыстық: Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

жаз44
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-19 маусым күні еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялады.

Дауылды ескерту жасалған аймақтар: Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы

18-19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 18 маусымда түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады, 19 маусымда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде. Күндіз 18 маусымда ауа температурасы 16-21 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

19 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, 18-19 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 18 маусымда түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 19 маусымда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 19 маусымда ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

19-20 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұшақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 19 маусымда кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 20 маусымда 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 19 маусымда ауа температурасы 15-23 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

19 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 20 маусымда кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 19 маусымда ауа температурасы 18-23 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

20 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 20 маусымда ауа температурасы 15-23 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 18 маусымда дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз 18, тәулік бойы 19 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 18, тәулік бойы 19 маусымда екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 19 маусымда ауа температурасы 15-17 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде найзағай, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-шығыстағы тауларда дауыл күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ, дауыл күтіледі, кей жерлерде шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 42 градусқа дейін баруы мүмкін аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918267-42-gradus-ystyq-sinoptikter-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel