RU

Алматылық азамат бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті (видео)

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматылық азамат бұрынғы әйелін көлігімен басып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісіндеші парақшасында растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 17 маусым күні кешке орын алған.

Жетісу ауданының тұрғындары жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлерін шақырыпты.

Белгілі болғандай, әйел бұрынғы күйеуіне өзі келген.

Ведомство мәліметінше, келіншек ер адамнан көлікті автотұраққа дейін жүргізіп баруды өтініпті.

Бұрынғы күйеуі рөлге жайғасқан уақытта, әйел қозғалып бара жатқан машинаға мінбекші болған. Сол кезде оны көлік басып кетіпті..

Одан бөлек, ер адамның мас болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. П

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша тексеруді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918331-almatylyq-buryngy-aielin-kolikpen-basyp-ketti-video/