Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас онкологы Ресейде үздік дәрігерлерге берілетін жоғары марапатқа ие болды

Опубликовано:

Диляра Қайдарова
Фото: Facebook/KazIORonco

Қазақстандық онколог дәрігер Диляра Қайдарова ресейлік "Призвание" сыйлығының иегері атанды. Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы "Медицинаға жаңа бағыт әкелгені үшін" номинациясында марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйінші жаңалықты Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Facebook-тегі ресми парақшасында жария етті.

Диляра Қайдарованы "Призвание" марапатына онкоұрықтану бойынша жасаған бағдарламасы үшін лайық деп танылған.

Онкоұрықтану бағдарламасы онкологиялық науқастардың репродуктивті қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Диляра Қайдароваға дипломды Мәскеуде табыстады. Марапат Медицина қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

Медицина қызметкерлері
Фото: Facebook/KazIORonco

Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынының мамандары соңғы жылдары онкологиялық науқастар көбейгенін айтады.

Ғалымдар олардың ішінде жастардың саны жоғары болғандықтан емдеу мәселесі ғана бірінші орында емес, олардың бала сүюіне көңіл бөлінуі тиіс екенін алға тартады. Сол себепті институтта бірнеше жыл бұрын онкологиялық науқастардың ұрықтану қабілетін сақтау бағдарламасы құрылып, науқастардың генетикалық материалдарын сақтайтын криобанк жасалған.

"Соңғы жылдары жастардың арасында онкологиялық ауру көбейді. Сондықтан олардың ұрықтану қабілетін сақтау, емделіп шыққан соң бала сүю мүмкіндігін ие болуды дәл осы онкоұрықтану бағдарламасының арқасында жүзеге асыруға болады. Қазақстанда бұл бағдарлама 10 жылдан бері бар, осылайша елімізде 50-ге жуық бала дүниеге келді. Айтайын дегенім - бұл марапат біздің барша онкологтардың еңбегі, олар күн сайын науқастарға қатерлі ісікпен күресуге көмектесіп жүр", - дейді Диляра Қайдарова.

Айта кетейік, Ресейдегі үздік дәрігерлерге арналған "Призвание" сыйлығы - Ресейдің басты медициналық марапаты. Бірінші арна мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірге ұйымдастырған жобасы 2001 жылдан бері жүзеге асуда.

Салтанатты шара жыл сайын Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918398-elimizdin-bas-onkology-reseide-uzdik-darigerlerge-beriletin-zogary-marapatqa-ie-boldy/

pixel