Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пенопласттан тұрғызған": Блогер Түркістанда 87 млрд теңгеге салынған "Керуен-сарай" кешенін сынға алды

Опубликовано:

1
Фото: facebook.com/ChingizKZ

Қоғам белсендісі әрі блогер Шыңғыс Лепсібаев Түркістан қаласында орналасқан "Керуен-сарай" Орта Азиядағы көпфункционалды туристік кешенінің суреттерін жариялап, 87 млрд теңгеге салынған нысан қирап жатқанын мәлімдеді. Бұл сынға кешеннің баспасөз қызметі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістанның басты сәулетті жері "Керуен-сарайдың" пенопласттан тұрғызылғанын енді өз көзіммен көрдім. Өңір басшылығы мен мердігерлер ешқайда шықпау туралы 10 жылға қолхат беруі керек сияқты. Одан көп уақыт қажет емес, жаңбыр мен бірнеше қыс өткен соң бұл кешен қирайды", - дейді блогер Facebook парақшасында.

Бұл сынға "Керуен-сарай" кешенінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Karavansaray Turkistan кешені құрылысының жобасы мемлекеттік сараптамамен бекітілген, барлық ғимарат арматуралық бағанадан және газ блоктан салынған, сыртқы бөлігі соңғы технологияларды пайдалана отырып, жылыту және безендіру үшін орындалған", - дейді кешеннің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Түркістан қаласында "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешені 10 сәуір күні ашылған болатын.

Құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталған нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан.

"Керуен-сарайдағы" барлық нысан су арнасы арқылы байланыстырылған. Ол жерде "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтеді.  

Түркістандықтар мен қала қонақтары "Керуен-сарайға" "Қазақстанның Венециясы" деген атау беріп те үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918419-penoplasttan-turgyzgan-turkistanda-87-mlrd-tengege-salyngan-keruen-sarai-qirap-zatyr-ma/

pixel