Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауылды ескерту: 20 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай

Опубликовано:

Жауын
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 20 маусымға арналған ауа райы болжамы, ерекше метеорологиялық құбылыстар болжамы жария болды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

20 маусымда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертен кей жерлерде қатты жаңбыр.

Қостанай облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

20-22 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі, 37-39 градус қатты ыстық сақталады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Көкшетау қ. 20 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел солтүстік-батысқа ауысады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ақжайық, Сырым, Бөрлі және Қаратөбе аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында өрт қауіпінің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918491-dauyldy-eskertu-20-mausymga-arnalgan-aua-raiy-qandai/

pixel