Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шомылуға болмайды": Eco Almaty басшысы субұрқақтағы оқиғаға түсініктеме берді

Опубликовано:

Субұрқақ
Фото: Facebook / Zhanna Assanova

Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова өзінің Facebook парақшасында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта болған оқыс жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ұйым басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Құзыретіне Алматыдағы 46 коммуналдық субұрқақты жабдықтау және пайдалану кіретін ведомстволық бағынышты ұйымның басшысы ретінде, әйел ретінде, үш баланың анасы ретінде мен болған қорқынышты оқиғаға қатысты бірнеше сөз айтқым келеді", - деп жазды ол.

Жанна субұрқақтың "Шомылуға тыйым салынады!" деген белгімен жабдықталғанын атап өтті.

"Ересектер балаларын субұрқаққа шомылдырмауы үшін бұл жеткіліксіз бе?" - деп сұрақ қойды ұйым басшысы.

Ол сонымен қатар субұрқақта шомылу бірнеше себептерге байланысты өте қауіпті екендігіне назар аударды.

"Электрлік қауіптен бөлек өзге қауіптер бар, электр сымдарынан басқа субұрқақта электр сорғылары да бар, тіпті өндірушінің өзі электрдің оқшауланғанына 100% кепілдік бермейді, сонымен қатар судың өзінде де қауіп бар", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, субұрқақтардағы су ешқайда ағып жатқан жоқ. Тіпті жиі ауыстырылса да, денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Сонымен қатар, Eco Almaty басшысы жануарлар субұрқақтарда жуынып, тіпті қажетін өтеп жататынын атап өтті.

Жанна қайғылы оқиғаға да толығырақ тоқталды. Ол зардап шеккендердің бірі субұрқақтың ортасына дейін жеткеніне баса назар аударды.

"Кейбір пікір қалдырушылардың электр механизмдерін оқшаулау бұзылды деген болжамдарына айтатыным - егер суда тоқ ағыны болса, ортадағы қондырғыға бала жете ала ма? Әрине, жоқ", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, субұрқақ 1972 жылы салынған, оның жалпы ауданы 956 шаршы метр болатын екі тостағаны бар. Тостақтарда 26 субұрқақ қондырғысы бар, олардың әрқайсысы кернеуі 220 вольт болатын үш суасты сорғыларынан тұрады. Субұрқақта 60 шам және екі прожектор бар. Сонымен қатар, субұрқақта бригадир мен субұрқақшы кезекшілік етеді.

Ұйым басшысы субұрқаққа шомылуға тыйым салынған деген ескерту белгісі де орнатылғанын алға тартты. Ол бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде оқиғадан бірнеше күн бұрын жария етілгенін де атап өтті.

"Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеді, кезекші бірнеше рет тостақты тазарту және жұмыс істеп тұрған субұрқақ ішіндегі саптамаларды (ағындарды) реттеу жұмыстарын жүргізді, бұл оқиға болғанға дейін жабдықтың бүтіндігі мен қауіпсіздігін растайды", - деді ол.

Оның пікірінше, көбінесе апаттар мен қауіпті оқиғаларға барлық шектеулер мен ескертулерге деген немқұрайлылық алып келеді.

"Өкінішке қарай, кешегі оқиға - мұның қайғылы дәлелі", - деп қосты ұйым басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда субұрқақта екі қыз және әйел электр тоғына түсіп, ажал құша жаздаған еді. Дәрігерлер зардап шегушілердің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918590-somyluga-tyiym-salynady-eco-almaty-bassysy-fontanga-qatysty-oqigaga-pikir-bildirdi/

pixel