Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді қазақстандықтар маңызды құжаттардың цифрлық нұсқасын сұрата алады

Опубликовано:

Жеке куәлік
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, COVID-19 бойынша ПТР-тест нәтижесі - енді бұл құжаттардың цифрлық нұсқасы eGov.kz порталында қолжетімді болып отыр деп жазады Sputnik Қазақстан.

Электронды үкімет порталында цифрлық құжаттарды алуға мүмкіндік жасалды дейді eGov.kz порталының операторы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

"Азаматтардың көптеген сұранысы бойынша біз цифрлық құжаттарды eGov.kz порталына шығардық", - делінген ресми хабарламада.

Цифрлық құжаттарды көру үшін алдымен порталда авторизациядан өту керек. Одан кейін "Жеке кабинетке" кіріп, жоғарғы жақта тұрған "Цифрлық құжаттар" бөлімін басу қажет. Сол кезде құжаттардың тізімі шығады. Олар:

Жеке куәлік;

Жүргізуші куәлігі;

Туу туралы куәлік;

Неке туралы куәлік;

Аты-жөні мен текті ауыстыру туралы куәлік;

Некені бұзу туралы куәлік;

Техникалық төлқұжат;

COVID-19 бойынша ПТР-тесттің нәтижесі;

Студенттік билет;

Диплом;

Зейнеткердің куәлігі;

Қандастың куәлігі;

Көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

Әлеуметтік ID;

Вакцинация төлқұжаты.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропа цифрлық сертификаты бар туристерге есігін айқара ашатынын жазған едік. Ол үшін қолыңызда Еуроодақтың COVID-19 цифрлық сертификаты болуы қажет.

COVID-19 цифрлық сертификатын Еуроодаққа мүше емес елдерден, соның ішінде АҚШ-тан және басқа елдерден келген туристер ала алады.

Ол үшін саяхатшыларда коронавирустың теріс нәтижесі көрсетілген ПТР сынама немесе коронавирустан айыққанын дәлелдейтін анықтама немесе екпе алғанын дәлелдейтін құжат болу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918788-endi-qazaqstandyqtar-manyzdy-quzattardyn-cifrlyq-nusqasyn-surata-alady/

pixel