jitsu gif

Қазақстандық жасөспірімдер TikTok-та жүргізушілер үшін қауіпті тренд бастап кетті (видео)

Көлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

TikTok платформасын қолданатын қазақстандық жасөспірімдер арасында қауіпті жаңа тренд белең алуда. Балалар көліктердің дөңгелектеріндегі қақпақты ұрлап, ұрлық жасаған сәтінің видеосымен желіде бөлісуді ермекке айналыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеороликтер қазақстанның танымал Instagram-пабликтерінде де пайда болды. Жасөспірімдер автокөліктің дөңгелектеріндегі қақпақтарды шешіп жатқан сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұндай жағдайлар тек Алматыда ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтанда және өзге де қалаларда тіркеліп жатыр.

Алғашында көлік иелері балаларға бұл қақпақтар не үшін қажет екенін түсінбей келген. Себебі, одан айтарлықтай ақша табу мүмкін емес. Алайда кейін мұндай ұрлыққа жасөспірімдер ақша үшін емес, әлеуметтік желілерде "лайк" жинағысы келгендіктен барып жатқандығы анықталған. Осылайша, TikTok-тың қазақстандық сегментінде жасөспірімдер арасында жаңа челлендж пайда болған.

"Жасөспірімдер басқа біреудің көлігінің дөңгелегіндегі қақпақты шешіп, содан кейін видео түсіріп, мұнысымен желіде мақтануы керек. Кімде ең көп қақпақ болса, сол адамда лайк пен қаралым да көбірек жиналады", - деп жазуда желі қолданушылары.

Сол арада полицейлер ата-аналардан балаларына бас-көз болып жүруін сұрады.

"Біз ата-аналарға балаларының тәрбиесіне мән беріп, оларды заңға қайшы әрекеттерге бармауға баулу керек деген кеңес береміз. Оның үстіне олар кішкентай бала емес, есейген. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінуі керек. Бұл әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік бар, сондықтан ата-аналар балаларын әңгімеге тартып, бәрін түсіндіруі керек", - дейді полицияда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.