Хайп үшін автобустың төбесіне шығып алған ақсулық жігіт жазаланды
Жарияланған күні:
Павлодар облысы Ақсу қаласында сот жуырда "хайп үшін" жолаушылар автобусының төбесіне мінген 18 жастағы жігітке қатысты шешім шығарды.
"Павлодар-онлайн" басылымы жазғандай, жігіт сотта өзінің кінәсін мойындаған. Нәтижесінде ол әкімшілік кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылған.
Ақсу қаласының тұрғынына 10 210 теңге айыппұл салынды.
Дегенмен ол айыппұлдың үштен бірін ғана төлейді. Өйткені сот оның кінәсін мойындағанын ескерген. Басылымның хабарлауынша, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, автобустың төбесіне шығып алған жігіт жайлы видео бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде пайда болған. Кейін полицейлердің тәртіп бұзушыны ұстағаны белгілі болды. Жас жігіт тәртіп сақшыларына мұны "хайп үшін" жасағанын мойындаған.
Айта кетейік, қоғамдық көліктің артына жармасып алу, төбесіне шығу бірінші рет болып отырған оқиға емес.
Бұған дейін Алматы метросында пойыздың соңғы вагонына жармасып алып, "Алмалы" бекетінен "Абай" бекетіне дейін жеткен жігіт жайлы жазған едік.
Экстремал өз әрекетін видеоға түсірген.
Сондай-ақ, Алматыда троллейбустың артқы бөлігіне жармасып алған белгісіз адам туралы да жазған болтанбыз.
Құзырлы орган өкілінің сөзінше, бұл – дұрыс тенденция емес. Мұндай әрекеттер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып саналады. Құқықбұзушы өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді.
Сондықтан полиция мұндай басбұзарлыққа жол бермей, құқық бұзған адамды міндетті түрде жауапкершілікке тартатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919227-xaip-usin-avtobustyn-tobesine-sygyp-algan-aqsulyq-zigit-zazalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.